Орал қаласында саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді

0
362

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.


Орал қаласында саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді

ERNUR.KZ. Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 12 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынды, деп жазады zakon.kz.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.

Комарово саяжайының тұрғыны Айнаш Сәменованың жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне кірді.

"2017 жылы Комарово саяжайынан үй салып, отбасымызбен тұрып жатқан едік. Көктемгі тасқын кезінде үйімізді су басты. Қазір, міне, жаңа пәтердің кілтін қолымызға алдық. Қаланың орталығында жаңа үйде тұрамыз деп күткен жоқпыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін", - деді ол.

Жалпы Орал қаласында күні бүгінге саяжайдағы жалғыз үйлерін су басқан 71 отбасыға баспана берілді. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады.

10 маусым күні Қостанай облысындағы Алтынсарин ауылының тасқыннан зардап шеккен 38 тұрғынына қаладан пәтер берілді. Жалпы бұл елдімекенде 151 үйге су кірген.

Соның 52-сі қалпына келтіруге жарамайды. Мұндай үйлердің иелеріне, жаңа баспана тұрғызу немесе пәтер алу ұсынылды.