Оралда 10 жастағы оқушыға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

0
85

Кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.


Оралда 10 жастағы оқушыға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

ЖИ / ulysmedia.kz

ERNUR.KZ. Оралда 10 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.

– Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Айта кеткім келеді: балаларға қарсы жасалған қылмыстар ерекше бақылауда және барынша қатаң түрде тоқтатылады, – деді Батыс Қазақстан облыстық ПД бастығы Арман Оразалиев.