​Оралда 15 жасар оқушы Шаған өзеніне батып кетті

0
192

Оның мүрдесін куәгерлер судан шығарды.


​Оралда 15 жасар оқушы Шаған өзеніне батып кетті

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ERNUR.KZ. Орал қаласында суға шомылу кезінде қайғылы оқиға болды, деп жазады inform.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 11 маусым күні қаладағы «Вишневый сад» саяжай бірлестігі ауданында 15 жасар жасөспірім Шаған өзеніне батып кеткен. Оның мүрдесін куәгерлер судан шығарды.

Бұл – осымен жыл басынан бергі екінші оқиға. Бұдан бұрын 27 мамыр күні Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңында тағы бір жасөспірім жабдықталмаған жерден суға түсіп, батып кеткен.
Өткен жылы облыс бойынша барлығы 16 адам қайғылы қазаға ұшыраса, соның алтауы – балалар.
БҚО ТЖ департаменті шомылу кезінде қауіпсіздік мәселесін ұмытпау керектігін еске салады.
Жыл басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес 20 адам және 2 заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға 348 282 теңге айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тоқтар Әубәкіровтің суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.