Оралда бір-бірімен төбелескен ресейліктер Қазақстаннан шығарылады

0
412

Оралда түнгі клубтың жанында төбелескен Ресей азаматтары бес тәулікке қамалған болатын.


Оралда бір-бірімен төбелескен ресейліктер Қазақстаннан шығарылады

ERNUR.KZ. Орал қаласында төбелескен шетелдіктерді республика аумағынан шығару туралы сот шешім қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Оралда түнгі клубтың жанында төбелескен Ресей азаматтары бес тәулікке қамалғаны айтылған болатын.