Осы дерек бойынша кінәлі патрульдік полиция инспекторы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының облыс орталығында Орал арқылы өтетін көпірде БТР мен патрульдік полиция инспекторы соқтығысып қалды, деп жазады tengrinews.kz.
БҚО ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
"Осы дерек бойынша кінәлі патрульдік полиция инспекторы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полицейдің қандай жазаға тартылатыны айтылмаған.