Оралда кондиционер орнатып жатқан жас жігіт 9-қабаттан құлап кетті

0
535

Қайғылы оқиға 22 мамыр күні болған.


Оралда кондиционер орнатып жатқан жас жігіт 9-қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Оралда кондиционер орнатып жатқан ер адам 9-қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды деп жазады Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 22 мамыр күні сағат 20.00 шамасында болған. БҚО Полиция департаментінің дерегінше, 1991 жылы туған жігіт Д.Қонаев шағынауданындағы 56-үйдің терезесінен құлап кеткен.

«Алдын ала болжам бойынша 29 жастағы жігіт досымен бірге кондиционер орнатып жатқан кезде кенеттен аяғы тайып, 9-қабаттан құлап кеткен. Ер адам жедел жәрдем жеткенше, оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі таңда жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Марқұм кондиционер орнатумен айналысатын жалдамалы жұмысшы болып жүрген.