Оралда құбырдың жарылуынан 120 мың адам сусыз қалды

0
1 139

Салынғанына бар-жоғы 10 жыл болған нысанның неліктен сыр бергенін арнайы комиссия анықтайды.


Оралда құбырдың жарылуынан 120 мың адам сусыз қалды

ERNUR.KZ. Оралда 120 мың тұрғын кеше кештен бері сусыз отыр. Оған Деркөл шағын ауданындағы айналмалы кәріз құбырының жарылуы себеп болған, деп хабарлайды 24.kz.

Небәрі 10 жыл бұрын салынған нысанның неліктен сыр бергенін арнайы комиссия анықтайды. Алдын ала болжам бойынша металпластик құбырлардың сапасы нашар болған. Қазір апаттың салдарын жоюға қаладағы барлық коммуналдық кәсіпорындар жаппай жұмылған.

- Басты міндет ағын суды айдап, апат орнын тазалап алу. Содан кейін ғана қанша метр құбырдың істен шыққанын анықтаймыз. Коллекторды қалпына келтіру жұмыстарының қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Бүгіннен бастап әлеуметтік нысандар мен көп қабатты тұрғын үйлерге арнайы көліктермен су жеткізу ұйымдастырылды. Тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұраймыз, - дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Сергей Доля.