Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі кезде өңірде бірнеше жол жабық.
ERNUR.KZ. Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті, деп жазады 24.kz
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 00.05-те 4 шағынаудан №30 үйде болды.
«Қазгидромет» мәліметі бойынша екпіні секундына 23 метрге жеткен күшті жел бес қабатты үйдің 240 шаршы метр шатырын жұлып түсірген. Үйдің жалпы ауданы – 1260 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы жұмыс жасап жатыр. Үй 1991 жылы салынған. 2016 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. ПИК балансында тіркелмеген.
Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі кезде өңірде бірнеше жол жабық.