Оралда оқушының ісі сотта қаралды

0
84

Сотталушы мен оның заңды өкілі жәбірленушіден кешірім сұрады.


Оралда оқушының ісі сотта қаралды

фото: Sputnik / Владимир Федоренко

ERNUR.KZ. Орал қаласында тоғызыншы сынып оқушысы ұрлық жасап, ісі сотта қаралды, деп жазады sputnik.kz.

Қалалық мектептердің бірінің тоғызыншы сынып оқушысы көлікке заңсыз кіріп, бес мың теңге мен Samsung Galaxy A23 ұялы телефонын ұрлап кеткен. Автокөлік иесіне жалпы 75 мың теңге шығын келген.
Айта кетейік, жасөспірім алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Ол толық отбасында тәрбиеленген.
Жасөспірім оқитын мектебінен басқа мектепке ауысқан. Сыныптастарымен араласпайды, сабаққа жиі кешігеді, оқу үлгерімі орташа дейді мектеп басшылығы.
Сотта баланың анасы ұлының мінез-құлқы мен оқуын бақылауға, оны спорт секцияларына жазуға, бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық шараны қабылдауға уәде берді.
Сотталушы мен оның сот залындағы заңды өкілі жәбірленушіден кешірім сұрады. Айтпақшы, олар зиянды өтеп, қылмыстық істің тоқтатылуын сұрады.
Сот жасөспірімге қатысты қылмыстық істі тоқтатты.