Оралда перзентхана қызметкері лифтке қысылып опат болды

0
544

Әйел адам жүк лифтінің шахтасына құлап кеткен.


Оралда перзентхана қызметкері лифтке қысылып опат болды

ERNUR.KZ. Оралда перинаталдық орталықтың 50 жастағы қызметкерін лифт қысып опат болды, деп жазады tengrinews.kz.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсанда таңертең болған. Облыстық перинаталдық орталықта 1971 жылы туған қызметкер қаза болғаны хабарланды. Ол жүк лифті мен шахта арасына қысылып опат болған. Денесін құтқарушылар алып шықты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы сағат 8.56-да хабар түскенін мәлім етті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам жүк лифтінің шахтасына құлап кеткен. Ол сол жерде жан тапсырған. Ол медициналық мекемеде вахташы болып жұмыс істеген. Бұл дерек бойынша тергеу басталды", - деді полиция өкілдері.