Бала ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлаған сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылы туған қызға қатысты оқиға туралы ақпарат 10 тамызда түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала жеке үйдің аумағында орналасқан септикке құлап кеткен. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды.
«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп мәлімдеді полиция.


