Оралда тонау мен бопсалауға қатысы бар делінген күдікті қыздар ұсталды

0
128

Тергеу деректеріне сәйкес былтыр қазанда күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.


Оралда тонау мен бопсалауға қатысы бар делінген күдікті қыздар ұсталды

фоото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес былтыр қазанда күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

"Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекске сәйкес тонау және бопсалау әрекеттері үшін ауырлығына байланысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.