Оралда тұрғыны өз пәтеріне 95 адамды тіркеген

0
148

Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.


Оралда тұрғыны өз пәтеріне 95 адамды тіркеген

фото: Ксения Воронина

ERNUR.KZ. Оралда ер адам өз пәтеріне 95 адамды тіркеген, деп жазады sputnik.kz.
Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды. Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Келесі тармақтарға ерекше назар аудару керек:
Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады;
Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау;
Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар жауапкершілікке тартылады.
Бір жыл ішінде қайталанған заңбұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған