Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы табылды

0
466

Ол байланысқа өзі шыққан.


Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы табылды

ERNUR.KZ. Оралда 26 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен 3 баланың анасы Айнагүл есімді келіншек табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Таңсәрі жоғалған әйелдің хабарласқанын айтты.

«Айнагүл байланысқа шықты. Өзінің суреттерін алып тастауды өтінді. Алаңдаған достары мен әріптестеріне алғыс айтты. Бізге хабарласқан адамның дауысы Айнагүлдікі екеніне көз жеткіздік»,- дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда 3 баланың анасы Айнагүл жоғалған кезде оның күйеуі бір апта оны іздемеген. Қорға оның достары мен әріптестері хабарласып, көмек сұраған еді.