Оралда жүргізуші куәлігін алғысы келгендер 6,5 млн теңгені алаяққа ұстатып жіберген

0
153

Алаяқ бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, ақшасын иемденген.


Оралда жүргізуші куәлігін алғысы келгендер 6,5 млн теңгені алаяққа ұстатып жіберген

Photo : БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Оралда жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 13 адамды алдаған алаяқ ұсталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Орал қалалық полиция басқармасы Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары кезінде өзін жүргізуші куәлігін жасап беремін деп таныстырып, қала тұрғындарын алдаған азамат ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Ол Орал қаласының аумағында бірнеше азаматтың сеніміне кіріп, ақшасын иемденген. Бүгінгі күні оның әрекетінен жапа шеккен 13 тұлға анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 6 500 000 теңге құрайды.


"Аталған азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әркеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.

Полиция азаматтарды сақ болуға және құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуге шақырды.