Оралдағы жарылыстан жараланған төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр

0
382

27 мен 67 жас аралығындағы сегіз ер адам, сондай-ақ 2007 және 2009 жылы туған екі бала жарылыстан зардап шеккен.


Оралдағы жарылыстан жараланған төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Оралдағы "Ел ырысы" базарында газ балоны жарылған кезде зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Зардап шеккендердің жағдайы

27 мен 67 жас аралығындағы сегіз ер адам, сондай-ақ 2007 және 2009 жылы туған екі бала жарылыстан зардап шеккен.

Бір бала жансақтау бөлімінде, біреуі травматология бөлімінде жатыр.

Зардап шеккен ересектердің үшеуі жансақтау бөлімінде, ал төртеуі қалалық көпсалалы аурухананың политравма бөлімінде ем алуда.

Жарылыс

Оқиға кеше жергілікті базарлардың бірінде болған. Зардап шеккендер бар.

- Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі болып табылады. Сақ болыңыздар! – деп ескертеді ТЖМ.