Өрт сөндіргішпен елдің зәресін алған жастар жазаланды (видео)

0
705

Алматылық жастар қоғамдық жерде өрт сөндіргіш құралын пайдаланып пранк жасаған.


Өрт сөндіргішпен елдің зәресін алған жастар жазаланды (видео)

ERNUR.KZ. Өздерінің бұл әрекеті үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов мәлімдеді.


"22 жастағы Әлиақпаров К.С., 19 жастағы Армиянов А.С. және видеоға түсірген адамның (кім екені анықталып жатыр) әрекеті ӘК-тің 434-бабына сәйкес ұсақ бұзақылық деп танылды", деп жазды Рүстем Әбдірахманов.

Аталғандардың бірі бұған дейін метрода музыка бағанының дауысын қатты шығарып, пранк жасағы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сол үшін кешірім сұраған болатын. Бұл жолы ол әкімшілік жолмен қамауға алынады.

Көп күттірмей олары қала көшелерінің бірінде жасаған бұзақылықтары үшін де кешірім сұрап, бейнежазбаға түсірген.


"24 қараша күні ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен Әлиақпаров К.С (қолына өрт сөндіргіш ұстаған) әкімшілік жолмен қамауға алынып, жауапкершілікке тартылды. Армиянов А.С. және видеоға түсірген адамға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр", деп мәлімдеді Рүстем Әбдірахманов.