Оқыс оқиға 12 қыркүйек күні болған.
ERNUR.KZ. Өрт сөндіру қызметінің автосатысы Алматыда оқу-жаттығы кезінде аударылып қалды, деп жазады baq.kz.
Оқыс оқиға 12 қыркүйек күні болған.
Жетісу ауданы, Талант көшесі 38 мекенжайы бойында орналасқан "Sinooil" ЖШС резервуарындағы оқу-жаттығу кезінде АЛ-50 өрт сөндіру автосатысы сол жақ бүйіріне аударылып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Қызметтік тексеріс жүргізіледі, - делінген Алматы ТЖД таратқан хабарламада.
Еске салсақ, 2023 жылғы 11 қыркүйекте елімізде Алматыдағы жойқын жер сілкінісі кезінде іс-қимылдарға дайындалу және оларды пысықтау бойынша «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталған болатын. Оған отандық құтқарушылармен қоса шетелдіктер де қатысып жатыр.