Өртке оранған Калифорнияда 73 қазақстандық студент жүр

0
162

Олар ғылыми бағдарламалар бойынша білім алуға барған.


Өртке оранған Калифорнияда 73 қазақстандық студент жүр

фото: РИА Новости

ERNUR.KZ. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ АҚШ-тың Калифорния штатында қазақстандық 73 стипендия иегері, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша 56 адам және "Ғылыми тағылымдама" бағдарламасы бойынша 17 адам білім алып жатқанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі уақытта штатта өрт өршіп тұр, бірақ барлық студент қауіпсіз жерде және кураторларымен байланыс орнатқан, деп хабарлады орталық.
"Стипендия иегерлері жергілікті биліктің ұсынымдарын орындап, жағдайды жедел хабардар етіп отыр. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске дайын отырмыз", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ орталық барлық стипендиатты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, Калифорнияда жойқын өртке байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.