Бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.
фото: Sergek Group
ERNUR.KZ. Павлодарда жеке пәтерде өрт болып, бір адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
12 маусым сағат 03:55-те бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт болған.
"20 шаршы метр аумақта үйдегі заттар, жиһаз және терезе жақтауы жанған. Өрт 04:16-да оқшауланып, 04:22-де толығымен жойылды", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабаттан екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды.
"Екі ересек адам ауруханаға жатқызылды, олар уланып қалған. Сондай-ақ 2003 жылы туған қыз зардап шекті, ол өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін өзін-өзі құтқаруға тырысып, екінші қабаттың терезесінен секірген", - дейді өрт сөндірушілер.
Дәрігерлердің айтуынша, бойжеткенді құтқару мүмкін болмаған.
"Науқас 12 маусымда сағат 04:25-те № 3 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. Медициналық шараларға қарамастан, сағат 05:50-де қайтыс болды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін дене сот-медициналық сараптамаға жіберіледі", - дейді облыстық полиция департаменті.


