Өсімдік тұқымы айналымын бақылайтын ақпарат жүйесі енгізіледі

0
733

Ел аумағына кіріп-шығатын тұқым материалының айналымын бақылау күшейтілмек.


Өсімдік тұқымы айналымын бақылайтын ақпарат жүйесі енгізіледі

ERNUR.KZ. Елімізде өсімдік тұқымы айналымын бақылайтын ақпарат жүйесі енгізіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай мәлімет келтіреді.

«Агроөнеркәсіпті дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұржырымдамасын іске асырудың жоспары аясында Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұсыну форматынан рұқсат беру (шектеу) сипатына регламенттеу мәселесі пысықталып жатыр», - деп жазады Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, ел аумағына кіріп-шығатын тұқым материалының айналымын бақылау күшейтілмек. Ол үшін арнайы ақпарат жүйесі құрылады.

«Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым айналымын бақылайтын ақпарат жүйесін құрып, енгізуді көздеп отыр. Бұл тұқым айналымын бақылаудың тиімді құралдарының бірі болмақ», - делінген Премьер-Министр жауабында.