Жергілікті әкімдік қаза болған жастардың отбасыларына көңіл айтқан.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Өскемен қаласының жанындағы Первомай кентінде ірі жол апаты орын алып, үш жас жігіт қаза тапқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Первомай кентінің әкімдігі ресми сайттарында үш жігіттің отбасына көңіл айтып, ата-аналарға ескерту жасаған.
«Біздің кентімізде ауыр қаза орын алды. Жап-жас үш жігіт қатар қаза тапты. Бұл балалардың ата-аналары мен отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Және баласы мотоцикл мініп, көлікке отыратын балалардың ата-аналары мынаны қаперге алса дейміз: оларға жылдамдықтың «жау» екенін айтып, қауіпсіздік ережелерін үйретсеңіздер», - деп жазылған ақпаратта.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаны растап, жол апатының себебі анықталып жатқанын хабарлады.


