Қала әкімі Жақсылық Омар жұмыс барысымен танысты.
ERNUR.KZ. Өскемендегі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына Абай өлеңдері жазылған аялдамалар орнатылады, деп жазады Алтайньюс.
Қала әкімі Жақсылық Омар жұмыс барысымен танысты. Даңғыл бойына түр-түсі бірдей 8 аялдама орнатылады: жетеуі – 5 метрлік, 10 метрлік бір аялдама «45-гастрономға» қойылады.
Кеше жұмысқа кіріскен мердігерлер келесі аптаға дейін аялдамалар толық орнатылады дейді.
Естеріңізде ме, Катонқарағайға еліміздің түкпір-түкпірінен суретшілер арнайы келіп, Алтайдың табиғатын кескіндеген. Сондағы картиналарды аялдамаларды сәндеуге пайдалануға болады. Абай өлеңімен де әдемі астасар еді. Сондай-ақ қала тұрғындары Шығыс өңірінің ең бір тұмса табиғатын күнде тамашалап жүрер еді, – деді Жақсылық Омар.