Өскеменде көлігіне бензин құйып тұрған ер адам оттық қолданамын деп өртеп алды

0
132

​Ер адамның әрекетінен ұшқын шығып, бензин тұтанып кетті.


Өскеменде көлігіне бензин құйып тұрған ер адам оттық қолданамын деп өртеп алды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Өскемен қаласындағы жанармай құю бекетінде көлік өртенді. Оқиға жанармай құю кезінде шыққан ұшқынның салдарынан болды, деп жазады zattyq-ruhy.kz.

Инцидент қалалық бензин құю бекеттерінің бірінде болды. Белгілі болғандай ер адам көлігіне жанармаймен құйып жатқанда ұшқын пайда болып, бензин буы тұтанып, көлік өртке оранған

Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

«Тексеру барысында азаматтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды жанармай құю бекеттерінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

  • Телефон қолданбау;
  • Көліктен түсу;
  • Темекі шекпеу;
  • Электр құрылғыларын пайдаланбау.