Оқиға 6 мамыр күні күндіз болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Өскемендегі Республика алаңы маңында көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан ер адам құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға 6 мамыр күні күндіз болған.
Аталған фактіні Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.


