Өскеменде өртке оранған жекеменшік үйден ер адамның денесі табылды

0
270

36 жастағы үй иесі көз жұмды.


Өскеменде өртке оранған жекеменшік үйден ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Өскеменде өрт болған жекеменшік үйден ер адамның денесі табылды. Оның үй иесі екені белгілі болды, деп жазады Zakon.kz.

YK-news.kz өңірлік сайтының мәліметінше, өрт 2025 жылдың 14 наурызында Гурьевская көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

"Жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 48 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндірді". ШҚО ТЖД




36 жастағы үй иесі көз жұмды. Оқиғаның себептерін мамандар анықтайтын болады.



Бөлісу