Өскеменде полицейдің қаруын тартып алып, оқ атқан күдіктілер ұсталды

0
62

Оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.


Өскеменде полицейдің қаруын тартып алып, оқ атқан күдіктілер ұсталды

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ERNUR.KZ. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, мас күйде болған екі ер адам құқық қорғау органы қызметкерінің талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz.

– Олар полиция қызметкерінің табельдік қаруын тартып алып, оқ атқан. Соның салдарынан тәртіп сақшысының қолы жараланды. Күдіктілер жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, – деді департамент бастығының орынбасары Қазбек Такжанов.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша, оның ішінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қауіп төндіру және қаруды заңсыз иелену бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.