Жыл басынан бері Өскеменде 90 егіз дүниеге келген.
ERNUR.KZ. Өскемендегі Ана мен бала орталығында тағы бір үшем өмірге келді, деп жазады altaynews.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл осы жылдағы екінші үшем. Үш қызды болған отбасы – Зайсанның Дайыр ауылынан.
"Жыл басынан бері 7183 сәби, оның ішінде 90 егіз дүниеге келді", – деп мәлімдеді Ана мен бала орталығы.