Өскемендегі апат: Қаза тапқандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленеді

0
214

​Ауруханада ем алып жатқан зардап шеккендерге компания қолдау көрсетеді.


Өскемендегі апат: Қаза тапқандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленеді

ERNUR.KZ. Бүгін Өскеменде өндірісте апат болды. «Қазцинк» компаниясы қаза тапқан жұмысшылардың отбасына қолдау көрсетеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады baq.kz.

Министрліктің мәліметінше, апат салдарынан қаза болған Рамазанов О.Н. мен Камалиев Е.Т.-ның жерлеу рәсіміне байланысты барлық шығынды компания толық өз мойнына алады. Сонымен қатар, әрбір отбасыға 10 жылдық еңбекақы көлемінде өтемақы төленеді.

Ал ауруханада ем алып жатқан зардап шеккендерге қажетті медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек шығындары да толықтай компания есебінен өтеледі. Бұдан бөлек, олардың еңбек ақылары 100 пайыз көлемінде сақталады.

Еске сала кетейік, Өскемендегі металлургиялық кәсіпорын аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі түрлі жарақат алғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.