Н.Жетпісовтің айтуынша, бұған дейін пәтер жалдап, көрінгеннің есігін сағалап жүрген екен.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бес баласын жалғыз тәрбиелеп отырған өскемендіктің үйінде болды, деп жазады AltayNews.
Нұрлан Жетпісовтің бес баласы бар. Жұбайы өмірден ерте озып, бес балаға ана да, әке де болып отыр.
Н.Жетпісовтің айтуынша, бұған дейін пәтер жалдап, көрінгеннің есігін сағалап жүрген екен. Осындай отбасының бар екенін білген «ВК Техногрупп» ЖШС Жібек Жолы көшесінен өздері салған көпқабатты үйдің бірінші қабатынан екі бөлмелі пәтер сыйлаған.
«Қыздарымның үлкені 10 сыныпта, ал ең кішісі бірінші сыныпқа барады. Басымызға пана табылып, қатты қуанып жатырмыз. Ең бастысы осы баспана болатын. Қалғанын өз күшімізбен көреміз» - дейді Нұрланның өзі.
Гүлшара Әбдіқалықова қоныс тойын тойлап жатқан отбасыға көрімдік ретінде ақшалай сертификат табыстады.