Отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа шығарылды

0
671

Электротехникалық машина жасау секторында айтарлықтай өзгеріс болды.


Отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа шығарылды

ERNUR.KZ. Отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа шығарылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы мәселелері бойынша баяндаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Электротехникалық машина жасау секторында айтарлықтай өзгеріс болды. Биыл отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа – Біріккен Араб Әмірліктеріне шықты. Ал ішкі қажеттілік 65 пайызға қамтылады. Біз сондай-ақ, түрлі салалардағы ел нарығының 65 пайызын кабельдік өнімдермен қамтимыз. Кабельдік-өткізгіш өнім металлургия саласының 5-ші қайта жасалуы бола отырып, металдарды терең өңдеуді және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіруді қамтамасыз ететінін атап өту қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, оған қол жеткізу қажеттілігін Мемлекет басшысы осы жылғы 1 қыркүйекте Жолдауында айтқан.

«Трансформаторларға қажеттілік 85 пайызға жабылады. Петропавл қаласында 5-ші трансформатор зауыты іске қосылған кезде жылына тағы 10 мың трансформатор өндірісін қамтамасыз етеміз. Бұл трансформаторлар бойынша қажеттіліктің барлық желісін жабуға мүмкіндік береді. Ішкі нарықты өлшеу жабдықтарымен 85 пайызға қамтамасыз ететін боламыз», - деді Бейбіт Атамқұлов.