Өрт сөндірушілер келгенде баспананың шатыры опырылып ішіне түскен.
ERNUR.KZ. Қарағандыда жер үйден өрт шығып, баспана қожайыны оттан шыға алмай жанып кетті. Ал үйде қалған 7 жасар қызды қызыл жалыннан көршісі алып шығып үлгерген, деп жазады ktk.kz.
Түс ауа лап еткен от дем арада үйдің аузы-мұрнынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде баспананың шатыры опырылып ішіне түсіпті. Құтарушылар тілсіз жаумен бір сағаттан аса алысқан. Өрт әбден сөндіріліп біткенде ғана үй ішінен 45 жастағы ер адамның денесі табылыпты. Мамандар апат пеш жағуда өрт қауіпсіздігінің сақтаулмауынан болуы мүмкін деп отыр. Көршілерінің айтуынша баспанада марқұммен бірге, оның қарындасы кішкентай қызымен тұрған. Бүлдіршінді көршісі құтқарып қалды.
"Кішкентай қыз үйге кіре берісте екінші қабаттағы сатыда тұр екен. Қорқып тұр астына түсуге. Астында от жанып жатты. Қызды көтеріп алып шығып үйге апарып тастап қайтып келдім. Екінші рет кіргенде ешкімді таба алмадым" - дейді көршісі Сайран Ілгебаев.