Әлібек Өмірәлиев Шымкент қаласынан сайланған депутаттардан осындай өтініш түскенін жеткізді.
ERNUR.KZ. Түркістан облыстық мәслихатында 6 депутаттың өкілеттіліктері тоқтатылды. Мұндай шешім мәслихаттың кезектен тыс 29-шы сессиясында қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.
Мәслихатта сөз сөйлеген Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев Шымкент қаласынан сайланған депутаттардан осындай өтініш түскенін жеткізді.
«Түркістан облыстық мәслихаты алты депутатының өз өтініштері бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысты қарауды сұраймын. Олар - №4 сайлау округінен сайланған Жұмағали Білісбеков, №5 сайлау округінен Қайрат Молдасейітов, №6 сайлау округінен Қилыбек Тұрлыбек, №7 округтен Арман Берденов, №8 сайлау округінен Бахарам Абдукаримов және №9 сайлау округінен Рәшкүл Оспаналиева».
Сессия барысында, сондай-ақ 2018-2020 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылау, облыс әкімдігі құрамына өзгерістер енгізу мәселелері де қаралды.
Облыс атауының өзгеруіне байланысты Түркістан облысының Құрметті азаматы атағын беру қағидасы, Түркістан облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережелері бекітілді.