Өзбекстан бір жылда Қазақстанға 132 мың доллардың қыш ыдысын импорттаған

0
950

Өзбекстан 1 жылда 4 млн долларға жуық қыш ыдыс экспорттаған. Үздік импортерлердің бестігіне Қазақстан да кіреді.


Өзбекстан бір жылда Қазақстанға 132 мың доллардың қыш ыдысын импорттаған

ERNUR.KZ. Еліміз 132 мың долларға керамика сатып алған. Әрі бұл тек ресми алыс-берістің статистикасы. Ал Қазақстан Өзбекстанға 18 есе аз қыш ыдыс сатыпты, деп жазады inbusiness.kz.

Самарқанд жібек жолының қақ ортасында орналасқан қала. Ежелден мұнда Қытайдың фарфоры мен Түркі елдерінің керамикасы араласқан. Бүгінде атадан балаға дәстүр ретінде бұл өнерді қалдырып, бизнесін дөңгелетіп отырғандар жетерлік.

Соның бірі ата кәсіпті 1941-ші жылдан бері жалғап келе жатқан Самарқандтық шеберлер. Бұл ұстаханадағы кей құмыралардың бағасы 2 мың долларға дейін жетеді екен.

"Керамиканың пішінін тез жасағанмен оны кептіріп, бояуға көп уақыт кетеді. Өзбекстанның әр аймағында қыш ыдыс жасаудың өз стилі бар. Соған қарай бағасы да әр түрлі болады. Жалпы қолдан жасалған еңбекке қарай бағаланады. Суреті мен түстері көп болса, қымбатырақ. Кейде шетелдік маңызды қонақтарға деп мемлекеттен де тапсырыс түседі", дейді Самарқандтық ұста.

Соңғы жылдары елде қыш ыдыс өндіру артқан. Оған қолөнер шеберлерінің барлық салықтан босатылуы себеп. Сонымен қатар, жылдан-жылға елге келетін туристер де көбейген.

"Бізге көбінесе туристер Ресей мен Қазақстаннан келеді. Бір саяхатшы отбасыма, таныстарыма деп 500 доллардың көлемінде сауда жасайды. Жалпы бұл жердегі ыдыстардың бағасы 10 доллардан басталып 1000 долларға дейін барады. Көбіне мұндай тауарларды тек туристер сатып алады", дейді саудагер Маширабжан Валиев.

Ресми статистикада еліміз 132 мың долларға қыш ыдыс экспорттады делінген. Алайда саяхатшы отандастарымыздың Өзбекстанда қанша қаржы қалдырғаны белгісіз. Белгілісі, Қазақстан бір жылда көршімізге 7 мың доллардың керамикасын экспорттапты. Мұндай айырмашылықты 2 ел арасындағы алыс-беріспен түсіндіруге болады. Мәселен Қазақстан Өзбекстанға негізінен мұнай мен түсті металл және бидай экспорттайды. Ал Өзбекстаннан көліктен бастап дүкендегі пластикалық пакеттерге дейін дайын өнім алады