Өзбекстан Қазақстандағы студенттеріне өз отанында оқуға мүмкіндік жасады

0
915

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда жоғары білім алып жатқан өзбекстандықтар енді өз елінің жоғары оқу орындарына ауысып, оқуын сол жерде жалғастыра алады.


Өзбекстан Қазақстандағы студенттеріне өз отанында оқуға мүмкіндік жасады

ERNUR.KZ. Өзбекстан билігі Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан отандастарына өз елінің жоғары оқу орындарына ауысуды ұсынды, деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін өзбек студенттерінде мұндай мүмкіндік болмаған. Билік өз еркімен ауысу бағдарламасын іске қосу туралы шешім қабылдады. Оған Президенттің халықтық қабылдауында болған көптеген ата-ананың балаларына ақша жіберудің қиын екенін айтып шағымдануы себеп болды. Сондай-ақ тұрғындар көрші елдердің жоғары оқу орындарындағы білім сапасына көңілі толмайтынын жеткізген.

Министрлік атап өткендей, өзбекстандықтарға оқуын отанында жалғастыруға ғана мүмкіндік беріледі, қалған мәселелерді өздері шешуі керек.

Сонымен бірге Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан оралғысы келетін студенттер осы елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің жауапты қызметкерлерімен байланыса алатындығын хабарлады.

Нөмірлер тізімі:

  • Қазақстандағы елшілік (Нұр-Сұлтан): +7 777 218 20 10, +7 771 200 87 52;
  • Қырғызстандағы елшілік (Бішкек): +9 965 557 001 45;
  • Тәжікстандағы елшілік (Душанбе): +9 929 388 844 42;
  • Ақтаудағы Бас консулдық (Қазақстан): +7 729 277 71 17, +7 777 599 00 52;
  • Алматыдағы Бас консулдық (Қазақстан): +7 727 390 26 16, +7 777 950 44 33, +7 777 950 44 55, +7 777 950 44 22, +7 777 950 44 11.