Жақында ғана түсірілген бұл туынды қазақстандық көрерменге алғаш рет көрсетіледі.
ERNUR.KZ. Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің деректі фильмдер форумы басталды, деп жазады 24.kz.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның деректі фильм саласындағы танымал мамандары қатысады.
Форум аясында соңғы екі жылда түсірілген деректі фильмдер көрсетіліп, талқыланады. Сондай-ақ 2017 жылы Венеция кинофестивалінде «Ең үздік деректі фильм» аталымын жеңіп алған Өзбекстан режиссері Баходыр Юлдашевтің «Ұлықбек» картинасы көпшілік назарына ұсынылады.
Әр кезеңнің шынайы бет-бейнесін суреттейтін деректі фильмдердің Орталық Азия кеңістігіндегі тынысын, мәселелері мен даму бағыттарын талқылайтын форум 3 күнге созылады. Шухрат Махмудов, режиссер /Өзбекстан/ – Форумда біз 5 деректі фильм көрсетеміз.
Өзбекстан Президенті көрші елдермен достастыққа үлкен мән береді. Сондықтан шекаралас мемлекеттердің мәдени мұралары туралы фильмдер түсіруді қолға алдық. Солардың бірі – «Абайдың қара сөздері». Жақында ғана түсірілген бұл туындымыз қазақстандық көрерменге алғаш рет көрсетіледі.