Автобустар Бұхара-Түркістан, Үргеніш-Ақтау, Ферғана-Алматы бағыттары бойынша жүреді.
Фото: uztrans.uz
ERNUR.KZ. Өзбекстаннан Ресейге, Қытайға және Орталық Азия елдеріне жаңа халықаралық автобус бағыттары іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz.
Қазақстанға жаңа автобус рейстері Бұхара-Түркістан, Үргеніш-Ақтау, Ферғана-Алматы (Тәжікстан аумағы арқылы) бағыттары бойынша жүретін болады.
Бұдан басқа автобустар Қырғызстан қалаларына жолаушылар тасымалдайтын болады: Әндіжан-Ош, Әндіжан-Жалал-Абад, Әндіжан-Арсланбоб, Касансай-Жалал-Абад, Бұхара-Бішкек.
Самарқанд пен Бұхарадан Душанбеге (Тәжікстан) тікелей рейстер ашылады. Нөкістен Үргеніш пен Бұхара арқылы Қытайдың Үрімші қаласына дейін жетуге болады.
Сурхандария облысын Мәскеумен тікелей автобус рейстерімен байланыстыру жоспарланып отыр.