Бұл бауырластық пен жақын қарым-қатынасты нығайтуға, барлық саладағы мүдделерді қамтуға ықпал етеді.
ERNUR.KZ. Өзбекстанның ресми ақпараттық агенттігі тұңғыш рет қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өзбекстанның ұлттық ақпараттық агенттігі - ресми мемлекеттік ақпарат көзі әрі елдегі жетекші ақпарат агенттік. УзА агенттігі өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб, қытай тілдерінде - 8 тілде ақпарат таратады.
«Өзбекстанда Қазақстан жылы жариялануына байланысты тұңғыш рет елдің ресми ақпараттық агенттігінде қазақ тілді нұсқа іске қосылды. Агенттіктің веб-сайты Өзбекстан мен Қазақстандағы өзгерістер жөніндегі жаңалықтар бойынша жедел және объективті ақпарат таратуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Агенттіктің хабарлауынша, веб-сайттың басты міндеті - екі елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды барынша толыққанды беру, достық пен келісімнің нығая түсуін және бауырластықты насихаттайды.
«Бұл парақша бауырластық пен жақын қарым-қатынасты нығайтуға, барлық саладағы мүдделерді қамтуға ықпал етеді», - делінген хабарламада.