Өзенге ағып кеткен 3 жасар бүлдіршінді бейтаныс азамат құтқарып қалды

0
782

Ағысы қатты Қора өзенінде ағып бара жатқан кішкентай баланы көрген бейтаныс адам бірден көмекке ұмтылған.


Өзенге ағып кеткен 3 жасар бүлдіршінді бейтаныс азамат құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Текелі қаласында 3 жасар бала ағысы қатты өзенге құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оны өзен жағасында отырған азаматтардың бірі құтқарып алды. Ағысы қатты Қора өзенінде ағып бара жатқан кішкентай баланы көрген бейтаныс адам бірден көмекке ұмтылған. Ол өзенге ойланбастан секіріп, ағыспен арпалысқан баланы құтқарып алды.

Текелі қаласының әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 жастағы бала өзенге байқаусызда құлап кеткен. Қазір Ниса есімді кішкентайдың денсаулығы қалыпты.


«Ағысы қатты Қора өзенінен сәбиді Дәурен Жарқынбеков атты азамат құтқарып қалды. Ерлік - білекте емес, жүректе дегендей су жағасында досымен отырған Дәурен ағып бара жатқан сәбиді көргенде, ойланбастан өзенге секіріп түсіп, 3 жасар Нисаны жағаға алып шыққан. 2001 жылғы Дәуреннің әрекеті үлкен ерлік. Ол бейбіт күннің батыры. Балаға - жаңа ғұмыр, ата-анаға - қуаныш сыйлаған Дәуреннің ерлігі - баршаға үлгі. Елі мақтанар еріміз аман болсын», - делінген әкімдіктің хабарламасында.