​Өзеннің жағасынан ер адамның мәйіті табылды

0
1 275

Ақпаратты Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі таратты.


​Өзеннің жағасынан ер адамның мәйіті табылды

Қостанай ауданында Тобыл өзенінің жағасында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Қостанай ауданында болған.

«26 маусым күні сағат 17:16-да Заречный ауылының тұрғындары Тобыл өзенінің жағасында ер адамның денесін тапты. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр», - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, 25 маусым күні Қостанай облысында 10 жасар бала су тоғанына түсіп, мерт болды.