Петропавлда 47 жастағы ер адам бес күні бойы тіс ауруын өзі емдеп келген.
ERNUR.KZ. Ауру қабынып, ірің мойынға дейін жеткен. Салдарынан ер адам жансақтау бөліміне түсіп, дәрігерлерге жедел ота жасауға тура келді, деп жазады stan.kz.
Жансақтау бөлімінде ер адамның жағдайы күрт нашарлағандықтан, дәрігерлер ота арқылы іріңді түтікпен шығарған.
"Ірің мойынға өткендіктен, ауыз қуысының флегмонасы ашылды. Диагноз – "медиастинит". Бұл өте ауыр жағдай және науқастың өміріне қауіп төнеді. Барлығы тісжегіден басталды. Биылдың өзінде осындай диагнозбен екі адам ажал құшты", – деді Петропавл қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жақ-бет бөлімінің меңгерушісі Ерназар Әділшин.