​ "Өзім тексеремін": Үкімет басшысы жылыту маусымына дайындық туралы айтты

0
153

Премьердің сөзінше, елімізде жылу мен энергияны үнемдеу тәсілі дұрыс емес.


​

ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Олжас Бектенов кейбір өңірлердің жылыту маусымына дайын емес екенін айтты, деп жазады baq.kz.

Жергілікті жерлерде барлық әкімдердің жұмысын көріп отырмыз. Мысалы, Маңғыстау облысында МАЭК-тің 2-ші Жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары 8-қаңтардан бері әлі күнге дейін басталған жоқ. Ұлытау облысы да Жезқазған Жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым: жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмыстарының барысын тікелей бақылауға алу керек, - деді Бектенов.

Премьердің сөзінше, елімізде жылу мен энергияны үнемдеу тәсілі дұрыс емес.

Бізде «Энергияны үнемдеу туралы» заң бар және барлық талаптар бекітілген. Олардың сақталуын қатаң бақылау қажет. Мен өңірлерге сапарым кезінде Президент тапсырмаларының орындалуын тікелей өзім тексеретін боламын. Жылу орталықтарын, қазандықтар мен жылу және электр желілерін қалыпты жағдайға жеткізу керек. Әсіресе, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге баса көңіл бөлу қажет, —деді Премьер-министр Олжас Бектенов.