Өзін кездейсоқ атып жіберді: реанимацияда жатқан полицейдің жағдайы өте ауыр

0
292

Тәртіп сақшысы бар болғаны 21 жаста.


Өзін кездейсоқ атып жіберді: реанимацияда жатқан полицейдің жағдайы өте ауыр

ERNUR.KZ. 24 маусым күні таңертең БҚО полиция департаментінің ғимаратында 21 жастағы полицей байқаусызда өзіне оқ атқан. Дәрігерлер оған ота жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзін кездейсоқ атып жіберген. Оқиға аймақтық полиция департаментінің ғимаратында болды.

2003 жылы туған полиция қызметкері шұғыл түрде облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оған шұғыл операция жасалды.

«Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.