Қаулы заңды күшіне енді.
Фото: pexels
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында ұлының өзінен кішілерге буллинг жасап, ақша бопсалаған әрекеттері үшін анасы сот алдында жауап берді, деп жазады zakon.kz.
Мойынқұм аудандық соты кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (12 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған буллинг).
Сот мәліметтеріне сүйенсек, 2026 жылдың мамыр айында Мойынқұм ауданындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы бірнеше 8-сынып оқушыларына буллинг жасап, олардан ақша сұраған. Заңнама талаптарына сәйкес хаттама оқушының анасына қатысты жасалды.
"Кінә хаттамамен, полиция бөліміне болған оқиға туралы хабарламамен, тараптардың түсініктемелерімен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сотта азаматша Ж. хаттамада көрсетілген мән-жайларды мойындап, болашақта мұндайға жол бермеуге уәде берді",- делінген сот ақпаратында.
Прокурор әйелге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындауды сұрады. Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.
Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 43 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.


