Пайдаланылмаған зейнетақы жинақтары салымшылардың шоттарына кері қайтарылады

0
897

2021 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 1,08 трлн теңгеден астам қаржы аударылған.


Пайдаланылмаған зейнетақы жинақтары салымшылардың шоттарына кері қайтарылады

ERNUR.KZ. Баламалы мақсаттарға пайдаланылмаған зейнетақы жинақтары салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына қайтарылады, деп жазады baq.kz.

2021 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 1,08 трлн теңгеден астам қаржы аударып, 216 860 өтініш орындалды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 5 млн теңгеден асады.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар – «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, 2021 жылғы 9 сәуірден бастап – «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ.
www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған, мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).
Айта кетейік, 73 млрд теңгеден астам қаражат уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептер бойынша қайтарылды, себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

"Жұртшылықты емдеуге 4,2 млрд теңгеге жуық қаражат аударылып, 4 335 өтініш орындалды. Емделуге бағытталған БЗТ-ның орташа сомасы шамамен 1 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 586 млн теңге қайтарылды. Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөніндегі өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде танысуға болады", - делінген хабарламада.

Биыл 15 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ға жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы 1 436 өтініш келіп түсті. Оның ішінде жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 947 өтініш орындалды. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,4 млн теңгені құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшыдан өтініш түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Мәлімделген соманы инвестициялық портфельді басқарушыға аударған кезге дейін салымшы өз шешімін өзгертіп, өз өтінішінің күшін жоя алады. Мұны БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке басты куәландыратын құжатпен келіп немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы жүзеге асыруға болады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша толық статистика да enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру» бөлімінде орналастырылған
Қазір БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы 4 ИПБ-мен шарт жасасты. Сіз олар туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі» бөлімінде біле аласыз.