Пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нышан Өмірәлі өмірден өтті

0
158

Пара таеквондошы Нышан Өмірәлі Париждегі Паралимпиада ойындарында қатысқан болатын.


Пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нышан Өмірәлі өмірден өтті

Фото: facebook.com/Ернар Ибраимов

ERNUR.KZ. Пара таеквондошы Нышан Өмірәлі өмірден өтті. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов жеткізді, деп жазады kaz.inform.kz.

«Өкінішке орай қаралы хабарды естідік... Тағдырдың талай қиындығын көрсе де мойымаған, жаны жайсаң Нышан Өмірәлі мәңгілік мекеніне аттаныпты. Пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу, 2014, Лондон, 2017), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), пара Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), екі дүркін Паралимпиада ойындарына қатысушысы. Аз ғана ғұмырында талай игі ісімен көптің көңілінде қалған Нышанның жақындарына көңіл айтамын. Жаратқан панасына алсын!» - деп жазды ол.

Айта кетейік, Пара таеквондошы Нышан Өмірәлі Париждегі Паралимпиада ойындарында қатысқан болатын.