Парақшасында оқырман санын «қолдан көбейтетіндердің» күнәсі ауырлай түседі – Мүфтият пәтуа шығарды

0
93

Мүфтияттың пәтуасына сай, егер ақша төленіп, шынайы аккаунттар жазылса, бұған рұқсат бар.


Парақшасында оқырман санын «қолдан көбейтетіндердің» күнәсі ауырлай түседі – Мүфтият пәтуа шығарды

Фото: Мүфтият

ERNUR.KZ. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желідегі парақшаға жазылатын оқырмандардың санын қандай жағдайда көбейтуге болатыны туралы пәтуашығарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мүфтияттың пәтуасы мынандай:

  • Әлеуметтік желідегі парақшаларда фолловер санын шынайы қолданушылар арқылы (шариғатқа қайшы келмейтін жолдармен) арттыруға және мұндай жағдайда көрсетілген қызметке ақы төлеуге рұқсат етіледі.
  • Фолловер санын жалған, бот аккаунттар арқылы арттыруға әрі оған ақы төлеуге тыйым салынады.
«Қазір адамдардың көбі және әртүрлі компаниялар өз парақшаларын насихаттау мақсатында түрлі ұсыныстарға жүгінеді. Бұл ұсыныстар тіркелушілер, оқырмандар, лайктар, пікірлер және тағы басқа нәрселердің санын арттыру жолымен жүзеге асады. Парақша иелері фолловер санын арттыру үшін арнайы қызмет көрсетушілермен келісімшарт жасап, оған белгілі бір ақы төлейді», - деп жазылған пәтуа мәтінінде.

Яғни, Мүфтияттың пәтуасына сай, егер ақша төленіп, шынайы аккаунттар жазылса, бұған рұқсат бар.

«Фолловер саны жалған (бот) аккаунттар арқылы жасалады. Бұл – нақты адамдардың тіркеліп, лайк басуы емес, қолдан жасалған шындыққа жанаспайтын әрекет. Шариғатта бұған тыйым салынады», - деп жазылған пәтуада.

Сондай-ақ, «егер тапсырыс беруші бұл жалған әрекетті өзі біле тұра тапсырыс берсе, мұндай жағдайда күнәнің ауырлығы арта түседі. Өйткені ол өз парақшасын қолданушылардың алдында шын мәнінде жоқ сипаттармен көрсеткісі келеді. Бұл музәууир «өтірікші, жалған құжат жасаушы, бұрмалаушы» болып есептелгендіктен шариғатта оған тыйым салынған».