Қазіргі уақытта салымшылардың 1,4 триллион теңге көлемінде зейнетақысын алуға мүмкіндігі бар.
ERNUR.KZ. Еңбек министрі пәтер сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатын адамдардың қандай санаттан тұратынын айтты, деп жазады zakon.kz.
Өз Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ұлттық Банкпен бірлесе отырып, осы мәселеге қатысты барлық қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды және жылдың аяғына дейін дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, Президент 2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшылары жинақтарының бір бөлігін пәтер сатып алуға, емделуге немесе зейнетақы жинағын қаржы компанияларына басқару үшін беріп, пайдалана алатынын мәлімдеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осы 700 мыңға кімдер кіретінін айтты.
Олардың ішінде:
529,7 мыңы - БЖЗҚ-да "жеткіліктілік шектен" (минималды зейнетақымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті зейнетақы жинағы) асатын жинақтары бар, жұмыс істейтін азаматтар.
Бұған дейін ер адамдар үшін жеткіліктілік шегі 10 миллион, әйелдер үшін 12 миллион теңге болады деп хабарланған болатын. Кейіннен Еңбек министрлігі жеткіліктілік шек мөлшерін қайта қаралуы мүмкін деп мәлімдеді.
178,4 мың - зейнетақысы ұсталған табысының кемінде 40% құрайды (еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққандарды қосқанда). Олар қолданыстағы жинақ сомасының 50% -дан аспайтын мөлшерін ала алады.
13,3 мың - сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитетті шартын жасасқандар (шартқа сай минималды зейнетақы мөлшерінен төмен емес өмір бойы ай сайынғы төлеммен қамсыздандырылғандар).
Осы категориялар бойынша, қазіргі уақытта 1,4 триллион теңге көлемінде зейнетақысын алуға мүмкіндігі бар 721 мың салымшы анықталды.