​Павлодар әкімінің жалақысы қанша екені белгілі болды

0
1 325

Әкімнің жыл сайынғы орташа табысы 5 546 940 теңге.


​Павлодар әкімінің жалақысы қанша екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Павлодар әкімдігі қала басшысының қанша жалақы алатыны туралы ақпарат таратты, деп жазады Baq.kz.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, қала басшысы ай сайын 462 245 теңге жалақы алады – бұл 16,3 ең аз жалақының қосындысы.

"Әкімнің жыл сайынғы орташа табысы 5 546 940 теңге. Павлодар әкімі салықты уақытылы төлейді. Табыс салығы мен зейнетақы аударымдары ескерілген. Жалпы 12 айда 1 019 976 теңге аударылады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бірқатар аймақ басшысы мен қала әкімі алатын жалақы мөлшерін жариялаған болатын.

Сонымен, Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың жалақысы 451 627 теңге.

Ал, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың жалақысы мемлекеттік қызметтегі 20 жылдан аса еңбек өтілін есепке алғанда айына 967 мың 672 теңге. Міндетті салықтық шегерулер мен аударымдарды есептегенде, аймақ басшысы қолына 786 мың 642 теңге алады.