Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
388

Павлодардың жаңа әкімінің кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігінде келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды.


Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Асайн Байханов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды. Жаңа қала басшысын Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодардың жаңа әкімінің кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігінде келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды. Әбілқайыр Сқақов жаңа қала басшысына жұмыстағы негізгі басымдықтарды атап өтті.

Байханов 2020 жылы наурыздан бері Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, бұған дейін 2015 жылы "ҚазАгроӨнім" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған, ал 2009-2015 жылдары ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан.

Асайн Байханов үйленген, төрт баласы бар.

Ал облыс орталығының әкімі қызметін бір жылға жуық атқарған 49 жастағы Ержан Иманслям жаңа қызметке ауысты, ол қала маңындағы Павлодар ауданының әкімі болды.